December 2024
Есептік ойлау қабілеттерімен қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып білім алушылардың қолданбалы программаларды қолдана отырып өз идеясын ұсыну дағдыларын қалыптастыру қазіргі қоғам дамуында маңызды рөл атқарады. Алайда, білім алушылардың цифрлық құрылғылар және олардың қоғамда алатын рөлі, интернет желісінде жұмыс жасау, сонымен қатар есептік ойлау, робототехника бойынша ақпараттық технологияларды практикада қалайжақсы ұсынуға және мұғалімдерді қалай дайындауға болатындығы туралы көптеген зерттеулер жүргізуқажет. Бұл зерттеубастауыш сынып оқушыларына арналған АКТ пәнінде есептік ойлаудағдыларын дамыту деңгейін зерттеуге арналған.Мақалада бастауыш сыныпқа арналаған жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларыарқылыбілім алушылар арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелері сипатталған. Зерттеу білім алушылардың цифрлық сауаттылықты арттыра отырып есептік ойлау қабілетіне қандай әсеретуін білуге мүмкіндік береді.Егер біз есептеу ойлауының оқу бағдарламасында өз орнын алуын қаласақ, онда оңай қол жетімді ресурстар немесе оқу бағдарламасының ағымдағы нәтижелерін оқыту мен оны қолдану дағдыларын дамыту мәселесі қозғалады. Негізінде, есептік ойлауды қолданатын кодтау арқылы бағдарламаларды құру үшін деректер мен алгоритмдерді әзірлеу бастауыш мектептегі балаларға күрделі, бірақ оңай басталатын бағдарламалау тілдері және электрондық кестелер мен дерекқорлар сияқты басқа құралдар арқылы қол жеткізуге болатын маңызды дағды болып табылады. Бұл құралдарды білім алушыныңдамуы барысында талғампаздық деңгейінің жоғарылауымен жұмысдәптерін жасау қажеттілігі негізделеді.