ArticlePDF Available

Кейінгі қола дәуіріндегі Талдысай қонысының сүйек және мүйіз индустриясын жүйелеу // Б.Ә. Байтанаев (гл. ред.). Марғұлан оқулары–2020: «Ұлы Дала археологиялық және пәнаралық зерттеулер аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары http://www.archaeolog.kz/images/sborniki/margula_chten_tom_1.pdf?fbclid=IwAR37yNAaSORQlqTbI1EIVEAkUlpr1K7jmGDZ8sUGgCyFtA6kLtSoGOIXtis

Authors:

Abstract

Valentine Pankowski, Gulzada Sargizova The Late Bronze Age Industry of Bone and Antler from Taldysai: A Systematic Research A draft report on accumulative selection of the worked bone and antler sample recovered in a long-inhabited site is provided. The review is upgraded with a synopsis of the classificatory procedures applied. Key words: Central Kazakhstan, the Late Bronze Age, Taldysai, bone and antler industry.
В. Б. Панковский, Г. Б. Саргизова
КЕЙІНГІ ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ТАЛДЫСАЙ
ҚОНЫСЫНЫҢ СҮЙЕК ЖӘНЕ МҮЙІЗ
ИНДУСТРИЯСЫН ЖҮЙЕЛЕУ
Сүйектен және мүйізден дайындалған бұйымдарды толықтыру және реттеу
жөніндегі аралық есеп. Есепте оларды зерттеу әдістеріне, топтастыру жіктеу тәсілдеріне
шолу жасалған.
Түйін сөздер: Орталық Қазақстан, Талдысай, кейінгі қола дәуірі, сүйек және
мүйіз индустриясы
Систематизация костно-роговой индустрии
поселения эпохи поздней бронзы Талдысай
Промежуточный отчёт о ходе наполнения и упорядочения выборки объектов из
кости и рога сопровождается обзором методов их классификации.
Ключевые слова: Центральный Казахстан, Талдысай, эпоха поздней бронзы,
костно-роговая индустрия
The Late Bronze Age Industry of Bone and Antler
from Taldysay: A Systematic Research
A draft report on accumulative selection of the worked bone and antler sample
recovered in a long-inhabited site is provided. The review is upgraded with a synopsis of the
classicatory procedures applied
Keywords: Central Kazakhstan, Taldysay, the Late Bronze Age, bone and antler
industry
Зерттеу жұмысының мәселесі
Талдысай – ежелгі кеншілер мен металургтар өмір сүрген елді мекен,
метал балқыту ісі мен басқа да қолөнерлер өркендеген өз заманының ірі
шаруашылық-өндіріс орталығы. Қазіргі уақытта шұңқыр пештері, метал
өнімдері, құюшы-ұсталардың құралдары кеңінен зерттеліп, ғылыми
айналымға енген [Ержанова, 2010; Ермолаева, 2016; Ермолаева и др., 2017;
2019; Ermolaeva et al., 2013]. Ширек ғасыр бойы қазба жұмыстарын жүргізген
© Валентин Б. Панковский, Украина ҰҒА Археология институты, Киев қ., Украина;
vpns@ukr.net
Гүлзада Б. Саргизова, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Алматы қ.,
Қазақстан; gulzada-87@mail.ru
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
қаржыландыруымен БМҚ BR05233709 «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» тақырыбы
аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер негізінде орындалды.
161Панковский В.Б., Саргизова Г.Б. Кейінгі қола дәуіріндегі Талдысай қонысының...
археологтар зерттеу барысында сүйектен және мүйізден жасалған құралдар
мен олардың бөлшектерін жинаған. Жиналған сүйек және мүйіздерге
әртүрлі уақытта археозоологтар Л. Л. Гайдученко [2013] мен Д. О. Гимранов
сараптамалық жұмыстарын, ал А. Н. Усачук өңделген сүйектерге
трасологиялық сараптама жасау мақсатында біршама зерттеулер жүргізген.
Сүйектен және мүйізден жасалған бұйымдардың керемет үлгілері «Талдысай
қонысы – көне металургия ескерткіші» деп аталатын альбомда [Курманкулов
и др., 2012] және бірнеше жарияланымдардың урманкулов и др., 2007;
Ермолаева, Ержанова, 2013; Ермолаева и др., 2017] сипаттамаларында
кездеседі. Дегенмен, қоныстың сүйек және мүйіз индустриясы кеңінен
зерттеулерді талап етеді.
Біздің жүргізіп жатқан зерттеу жұмыстарымыздың мақсаты Талдысай
қонысының сүйек және мүйіз индустриясын кешенді құрылымды-шикізатты,
технологиялық және функционалды зерттеу үшін сүйектен және мүйізден
дайындалған артефактілер мен натурфактілерді іріктеу және жүйелеу болып
табылады (қазба жұмыстары А. С. Ермолаеваның жетекшілігімен Қарағанды
облысы, Ұлытау ауданы аймағында жүргізілуде).
Индустрия сөзі жалпыға бірдей, халықаралық термин. Археология
ғылымында индустрия археологиялық мәдениеттің ерекше фракциясы
«система взаимосвязанных типов артефактов, выполненных в одном
материале, в одном веществе» [Клейн, 1991, с. 393] деген мағынаны білдіреді.
Мақалада сүйектің, мүйіздің, оның ішінде, тұтас мүйіздің және іші қуыс
мүйіздің негізінен жасалған бұйымдардың индустриясы қарастырылады.
Индустрия пішіні мен дайындалуы арнайы жасалынған, мақсатты
нысандардан тұрады. Ол бірнеше шикізат қалдықтарынан, құралды өңдеу
барысындағы қалдықтарынан және жабдықтау субфракцияларынан тұрады.
Технофункционалды жіктеуде жабдықтау нысандары аккомодаттарға
(бейімделген), модификаттарға (өзгеріске ұшыраған) және конверттарға
(түрленген) бөлінеді [Pankowski, 2017; Панковский, Фидельский, 2018].
Зерттеу жұмыстарының міндеттері:
- фауна қалдықтарын толық қарап шығу және адам қолымен өңдеген
іздері бар және басқа да өзгеріске ұшыраған бұйымдарды іріктеп алу;
- құралдарды, жартылай дайындалған бұйымдарды, дайындамаларды
және сүйек, мүйіз өңдеу жұмыстарының қалдықтарын жүйелеу;
- алынған нысандардың сипаттамаларын жасау, иллюстрациялық
каталог дайындау;
- материалдарды трасологиялық сараптамаға дайындау.
Зерттеу жұмыстарының нысандары және оларды зерттеу әдістері
Зерттеу нысаны Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтында
сақталған Талдысай қонысынан табылған сүйек және мүйіз артефактілері.
Олар қазба және камеральдық жұмыстардың барысында үш топтамаға
бөлінген. 1-топтаманың құрамында фауна қалдықтарының барлығы шаршы
және кешендерге қарай жіктеліп, жәшіктерде сақталынған. Бұл топтамада
сүйек және мүйіз индустрияның көптеген үлгілері сақталған. Жинақ
162 Т. 1
МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2020
құрамынан түрлі тұрмыстық жағдайда пайдаланылған сүйек артефактілер
бөлек алынды. Олардың қатарында малды сою және терісін алу барысында
сүйектерге түскен жарықшақтар, тесіктер, кесілген, сынған және басқа да
пышақ тәрізді құралдардан қалған іздері бар сүйектер. Сонымен қоса, түрлі
табиғи құбылыстардың әсерінен болған, топырақтық-химиялық желдену,
малдардың қоректенуі кезінде (малдарды жануарлардың жеуі, остеофагия
және т.б.) болған түрлі іздер мен өзгерістерге әзірше зерттеу жұмыстары
жүргізілмейді.
Сүйек және мүйізден дайындалған бұйымдармен қоса, жинақтан ірі
қара малдың сына тәрізді қажалған іздері бар тістердің үлгілері [Антипина
2011, с. 197; Панковский и др., 2015, с. 170–179] және аша тұяқтылардың
асық сүйектері таңдалынып алынды. Бұл табиғи өзгерістері сақталған үлгілер
мен адам қолымен дайындалған бұйымдар бір кезеңге тән болғандықтан
салыстырмалық-сараптамалық мақсатта алынып отыр. Алынған тіс үлгілері
Талдысайдың айналасында немесе сол жерге әкеліп бағылған малдардың
шөппен қоректенуі кезінде тістегі өзгерістер қандай жағдайлардың
болғандығын айқын көрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, көп
жағдайда ойындарда және балгерлікте, тұмар ретінде қолданыста болған
миткалиев, Тлеугабулов, 2017] асық сүйектері табиғи қалыпта, ешқандай
тегістеусіз, өңдеусіз, бояусыз қолданылған және қолданылып жүр. Осындай
тәжірибелерді салыстырып, түсіндіру мақсатында асықтардың барлық
түрлері (өңделген, өңделмеген, сынық) сараптамаға алынды.
1-ші топтама жинағынан үлгілерді алу принциптері 2-ші, 3-ші
топтамаларда да сақталды.
2-топтама құрамына жүйелілігіне және анатомиялық тиістілігіне
қарай археозоологтардың сұрыптаған материалдары кіреді. Мамандар адам
қолымен өңделген нысандарды анықтағанмен, остеологиялық жинақтың
құрамында қалдырып кеткен.
3-топтама ұзақ жылдар бойы археологтар мен басқа да мамандардың
жіктеген сүйек және мүйіз артефактілерінен тұрады. Жиынтықтағы кейбір
нысандар бұйымдарға ұқсас болғанымен, оларда ешқандай өңделген белгілер
кездеспейді.
Зерттеліп отырған материалдың сандық көрсеткіштері
1-ші және 2-ші топтамаларының коллекциясынан көлемі 284 дм3
болатын материалдар қаралып, сұрыпталды. Бұл жинақтан 310 дана
таңдалды. 3-ші топтама құрамында 409 дана қаралды. Жинақтағы көрнекті
артефактілер 185 дана болса, қалған 224 данасы натурфактілер, дегенмен,
зерттеу жұмыстарының басқа түрлерін жүргізу мақсатында зерттеу
нысаны ретінде алынды. Сонымен Талдысай қонысының сүйек және мүйіз
индустриясының құрамында 495 дана артефактілер жиналды. Көптеген
үлгілер сараптама жасау үшін жарамсыз, сондықтан тек таңдаулы, көрнекі
бұйымдар ғана трасологиялық тұрғыдан зерттеледі.
163Панковский В.Б., Саргизова Г.Б. Кейінгі қола дәуіріндегі Талдысай қонысының...
Жүйелеудің мақсаты, бағдарламасы және әдісі
Жүйелі білімділік нысандардың ерекшеліктерінің байланысын,
нысандардың өзара және қоршаған ортамен негізгі байланысын ашады.
Байланыстарды түсінудің ұтымды тәсілдері ретінде топтастыру, оның ішінде,
функционалды, технологиялық және құрылымды-шикізатты топтастыру деп
қарастыруға болады. Қазіргі уақыттағы мәліметтер мен әдістерді ескере
отырып, орындалу міндеттеріне қарай қолайлы технофункционалды жіктеу
[Pankowski, 2017; Панковский, Фидельский, 2018] әдісі таңдалынды. Ол
барлық индустриялардың белгілерін, яғни функциясы және қолданылуы
даулы, тіпті кейбір түсініксіз артефактілерді ортақ жүйеге біріктіреді.
Аталған әдіс сүйек және мүйіз шикізаттарын пайдалану мақсатында мәдени
артықшылықтарды және олардың өзара байланысын анықтайды. Бұйымның
пішіні мен қолданылуы сәйкес болған жағдайда жалпы техникалық
функциясымен, бірыңғай категориясымен (мысалы, тері өңдеуге арналған
қырғыштар) байланыстырып қарастырамыз. Құралдың шынайылығын
анықтау үшін бұйымның жұмыс бөлігі сақталуы қажет. Алдағы уақытта бұл
классификациялық жіктеуді айқындау және дамыту үшін функционалды
сараптамада тексерілген және келісілген тәсілдерді пайдалана отырып,
күрделі зерттеу жұмыстары жүргізілуі қажет.
Әрі қарай 1-ші кестені қараңыз.
1-кесте – «Жабдық» субфракциясының классификациялық матрицасы
Кластар Ішкі кластар Топтар
Өндірістік
әрекеттердің жабдықтары
Құралдар
құрал-жабдықтар
құрылғылар
құрамдас бөліктері
бейімдеу заттары
тиемелдік заттар фурнитура (ұсақ-түйек
заттар)
Өндірістік емес
әрекеттердің жабдықтары
Құралдар
құрал-жабдықтар
құрылғылар
құрамдас бөліктері
бейімдеу заттары
тиемелдік заттар
фурнитура
атрибуттар (ерекше
белгілер)
Кластар категориялар жиынтығы, ал категориялар әртүрлі техникалық
функциялардан тұрады. Бір категориялар адам қолымен өндірістік еңбектің
әрекеттеріне, екіншісі өндірістік емес бейімдеу әрекеттеріне (іс-әрекеттер)
қатысты. Бұл жерде пайдалану ауқымына қарай жалпылық жоқ; әрекеттер
аумағының жабдықтары емес, әрекеттердің жабдықтары қарастырылып
отыр. Сыртқы нысандарға әсер ету сипатына және өзара қатынасына
қарай, категориялар ішкі кластарға, кей жағдайларда топтарға бірігеді.
Құралдар табиғи және адам қолымен өңделген заттар, нәтижесінде
бұл заттардың пішіні, күйі және өзгертілген немесе белгілі бір жүйеге
164 Т. 1
МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2020
келтірілген жабдықтар тобы. Құрал-жабдықтар, құрылғылар және құрамдас
бөліктер бұйымдардың топтары болып табылады. Құрал-жабдықтарда басқа
құралдарды өңдейтін жұмыс аймақтары сақталған. Құрал-жабдықтарда жұмыс
аймағының орны ұстау (сабына) және/немесе бекіту (бекіткіш) аймағына
байланысты анықталады. Құрылғылар нысанға күшейтілген және еркін
бағыттағы импульс береді. Құрамдас бөліктер құралдың немесе құрылғының
құрамдас бөліктері, бүтін жабдықтың бөлшектері болып табылады. Бейімдеу
заттары табиғи және адам қолымен дайындалған нысандардың қалыпты
пішінді немесе өзгергенін анықтауда көмекші рөл атқарады. Бейімдеу
заттарына инеқаптар, пиксида және т.б. жатады. Тиемелдік заттар құралдар
мен құрамдас бөліктерге қарағанда шикізаттың құрымын немесе бұйымның
сапасын өзгертпейді. Олар белгілі бір әрекеттің куәсі, белгісі қатысушы
болып табылады. Мысалы, асықсыз асық ойының болуы мүмкін емес.
Олар индустрияда атрибуттар мен фурнитуралар болып бөлінеді.
Атрибуттар – қозғалмалы жабдықтар, көп жағдайда көркемдік-символикалық
мәнде жасалады; фурнитуралар жабдықтың құрамындағы көп қозғалмайтын
жабдықтар болып табылады.
Апробация: Талдысай жағдайы
Көрсетілген принциптерге негізделе отырып, Талдысай қонысынан
табылған сүйек және мүйіз бұйымдарын жүйелілік тізімін құруға тырыстық
(кесте 2). Қола және ерте темір дәуірі индустрияларын қарастыру
тәжірибемізді ескере отырып, бұл тізімде алдағы уақытта түзетулер мен
қосымша ақпараттардың болатынын айта аламыз. Тізімде барлық торкөздер
категориялармен толықтырылмаған, ал кейбір құрылымды-шикізатты
нысандар қолдану әдісіне қарай топтарға бөлінбеген.
2-кесте Талдысай қонысы жинағынан алынған сүйек және мүйізден
жасалған жабдықтарының классификациялық матрицасы
Кластар
Ішкі кластар
және топтар
Өндірістік
әрекеттердің жабдықтары
(өңдеу, өзгертулер)
– категориялар
Өндірістік емес
әрекеттердің
жабдықтары (бейімдеу,
реттеу)
– категориялар
ҚҰРАЛДАР
Құрал-
жабдықтар
және олардың
жұмыс жасалған
бөліктері
жебе ұштары
езгіштер
белдік (қайыс) илегіштер
қалақтар
қалақшалар (шпатель)
[құрал ұшының
бөлшектенбеген
конгломераты]
[қабырғадан дайындалған
құралдың бөлшектенбеген
конгломераты]
Түйреуіштер
коньки
Құрамдас
бөліктер
«ауыздықтар»*
жүген тоғасы
тұсамыстар
қамшы бөлігі
Құрылғылар
және құрылғы
бөлшектері
Түтікшелер
ұршықтар
165Панковский В.Б., Саргизова Г.Б. Кейінгі қола дәуіріндегі Талдысай қонысының...
БЕЙІМДЕУ ЗАТТАРЫ
ТИЕМЕЛДІК
ЗАТТАР
Фурнитура
жапсырмалар
түтікше моншақтар
(пронизи)
салпыншақтар
Атрибуттар ойын сүйектері (асық)
Ескерту
*Ауыздық/сулық (орыс. «псалий») сөзі кейінгі қола дәуіріндегі жылқы ауыздығының
бөлшегіне қатысты өзінің классификациялық-номенклатуралық мазмұнын жойды.
Археология ғылымындағы бұл атаудың өзі шартты түрде алынған: грек тіліндегі
ψάλιον жүгеннің жалпылама атауы, ал тар мағынада ауыздық және капцунг деп
қолданылған [Donnegan, 1826, p. 1132; Усачук, 2013, с. 7]. Кейінгі қола дәуірінде
ауыздықтың (псалий) бір бөлігі ат жақтарын шектеп және басып тұрған, ал екінші
бөлігі қозғалмалы иінтіректі ауыздық қызметін атқарған [Бочкарёв, Кузнецов, 2010,
с. 292]. Бірінші бөлік түрлі болып кездескенімен, бұдырлы немесе тісті болып келген.
Егер осы бөлігі тек бір ғана арнайы функцияны атқарып, типологиялық дамуында
өзгермеген болса, біздің топтастыруымызда құралдар қатарына қосуға болатын еді.
Қалай болғанда да, жабдықтың категориялық сипаттамада «жақты тұмылдырық»
(боковые нагубники) қызметін атқарған. Басқа топтамаға жататын жабдықтың,
яғни салпыншақты ауыздық шеттігінің (анжыма) бірі данасы Талдысай жинағында
кездеседі.
Көрсетілген тізімде сүйек және мүйіз артефактілердің өзіндік
ерекшеліктері, яғни индустрия нысандары сипаттамасы қалыптасты. Ал,
ежелгі шаруашылықтың біртұтас жабдықтары анықталуы шарт емес.
Құрамдас бөліктер мен фурнитура бұйымдары күрделі құрылғылардың және
құралдардың құрамындағы бөліктер ретінде анықталды. Олардың қатарында
тұсамыстар мен жебе ұштары да бар. Осыларға ұқсас бұйымдарды көрсетілген
классификациядан бөлек, арнайы сараптап, басқаша топтастырған жөн. Біздің
ұсынып отырған классификациямыз бұйымдардың типологиялық белгілерін
ескермей, тек категорияларға бөлінеді, яғни кез келген жебе ұштары мен
салпыншақ түрлерін және т.б. жіктеуге мүмкіндік береді.
Талдысай қонысының сүйек және мүйіз индустриясының технологиялық
субфракцияның құрамында бүтін мүйізден алынған ұзын пластина, жілікті
сүйектердің диафизді кесінділері, бас сүйектен бөліп алу барысында және
мүйіздің сыртқы қалыбын алу барысында сақталған іздері бар киік мүйізінің
негізі, бүтін мүйіздің майда сынықтары бар.
Категорияларды қолдану саласына қарай емес, яғни түрлі жағдайда
бөлінген функционалды типтерді шаруашылық, өндірістік және тұрмыстық
қызметтерге қарай бөлуге тура келеді. Мұндай жіктеу нәтижелері сараптама
тұжырымдарымен сәйкес болмайды, тіпті дәлелділік болғанның өзінде
сүйек және мүйіз индустриясының жіктелуіне жатпайды деп есептейміз.
Ондай жағдайда сүйек және мүйіз шикізаттарын технологиялық игеруі
барысында қалыптасқан түрлі өнімдерді бірыңғай критериймен реттеу
емес, тек рубрикациялап қарастыру болып қала береді. Құралдарды жіктеу
барысында ұсынылған классификация бойынша үйлестіруге болады (және
үйлестіру қажет).
166 Т. 1
МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2020
Ал егер құралған матрицаларды технофункционалды кластармен
үйлестіретін болса (1; 2 кесте) болжамды сипаттама береді. Әзірше бұл 3-ші
кестеде жалпы сипаттамалар ұсынылған.
3-кесте – Технофункционалды кластарға жіктелген сүйек және мүйізді
бұйымдардың классификациялық қалыптамасы (өндірістік емес әрекеттердің
жабдықтары қою қара, көлбеу жазумен берілген)
Құралдар Тиемелдік заттар
құрал-
жабдықтар
құрамдас
бөліктер Құрылғылар фурнитура атрибуттар
ТА қалақтар ▪ойын сүйектері
БА
[қабырғадан
жасалған
құралдар]
ТМ
езгіштер
[қабырғадан
жасалған
құралдар]
▪ коньки
▪салпыншақтар ▪ойын сүйектері
БМ
белдік (қайыс)
илегіштер
қалақшалар
[қабырғадан
жасалған
құралдар]
ауыздықтар
▪ қамшы
бөлшегі
түтікшелер
ұршықтар
▪ түтікше
моншақтар
К
жебе ұштары
қалақшалар
[ұшы бар
бұйым]
▪түйреуіштер
ауыздықтар
▪ жүген
тоғасы
тұсамыстар
▪жапсырмалар
▪салпыншақтар
Ескерту: ТК – технофункциональды кластар; ТА – табиғи аккомодаттар;БА –
бөлшекті аккомодаттар; ТМ – табиғи модификаттар; БМ – бөлшекті модификаттар;
К – конвертаттар
Жоғарыдай көрсетілгендей, Талдысай коллекциясында барлық
технофункционалды кластардың түрлері кездеседі (мақаланың бірінші
бөлімшесін және 3-ші кестеде бірінші бағанын қараңыз). Олар сүйек пен
мүйіз шикізаттарынан дайындалған және өңделуі, пайдаланылуы жағынан
әртүрлі (3-ші кестенің келесі бағандарын жоғарыдан төмен қарай қараңыз).
Өңделген құралдар қатарында табиғи пішінінде қолданылған бүтін сүйектер
(жауырын сүйектерінен дайындалған қалақ, ойнауға арналған бүтін асықтар),
тұрмыстық қалдықтардан таңдалып алынған қолайлы сүйек сынықтары
(қабырға сүйектерінен жасалған бұйымдар) және кішкене өзгертілген бүтін
сүйектер (астыңғы жақ сүйектерінен дайындалған езгіштер және тағы
басқалар) бар. Одан кейінгі құралдарды дайындау үшін сүйек бөлшектердің
табиғи қалыптары пайдаланылған. Бұл құралдарда сүйектердің жекелеген
бөліктері (жіліктердің ұршықтары) ғана сақталған. Сүйектердің және
мүйіздердің бөлшектері түпкілікті өзгеріске ұшыраған жағдайлары да
167Панковский В.Б., Саргизова Г.Б. Кейінгі қола дәуіріндегі Талдысай қонысының...
кездеседі. Құралдар барлық технофункционалды кластарда көрсетілген және
өзгеріске ұшыраған сүйектер фурнитура бұйымдарына сәйкес келеді. Шағын
көлемді бұйымдардың көп бөлігі (құрамдас бөліктер, құрылғы) конвертаттар
болып табылады. Олар күрделі өңделген құралдар топтарына жіктелген.
Алдағы зерттеулердің тұжырымдамасы
Кейінгі қола дәуіріне жататын Талдысай қонысының сүйек және мүйіз
индустриясы Орталық Қазақстан аймағындағы ескерткіштерді зерттеуде
эталонды үлгі бола алады. Осы мақсаттың орындалуы үшін сүйек және
мүйіз бұйымдарына толық трасологиялық сараптама жұмыстарын жүргізіп,
құралдар мен бұйымдардың сипаттамасы берілген каталог құрылып, әр
табылған заттың контекстермен және археологиялық кешендермен, яғни
Нұртай, Атасу, Нұра, Сарғара, Доңғал мәдениеттерінің компоненттерімен
байланыстарын анықтау қажет.
Әдебиет
Антипина Е.Е. Археозоологические коллекции из поселений эпохи поздней
бронзы на территории Тульской области // Гак Е.И. Поселения эпохи бронзы на
северной окраине донской лесостепи. М.: ГИМ, 2011. С. 166-201.
Бочкарёв В.С., Кузнецов П.Ф. Желобчатые псалии эпохи поздней бронзы
евразийских степей // Кони, колесницы и колесничие степей Евразии / гл.ред.
П.Ф. Кузнецов. Екатеринбург; Самара; Донецк: «Рифей», 2010. С. 292-343.
Гайдученко Л.Л. Остеологические материалы поселения Талдысай // Артюхова
О.А., Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Комплекс памятников в урочище
Талдысай. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2013. Т. 1. С. 353-363.
Ержанова А.Е. Трасологические исследования каменных орудий поселения
Талдысай (Улытау-Жезказганский регион, Центральный Казахстан) // Известия НАН
РК. Сер. обществ. наук. 2010. Вып. 1 (274). С. 202-206.
Ермолаева А.С. Петровско-нуртайские жилища-мастерские на поселении
Талдысай // Актуальные проблемы археологии Евразии: матер. Междунар. науч.-
практ. конф. . Алматы, 18–19 октября 2016 г.). Алматы: Институт археологии
им. А.Х. Маргулана, 2016. С. 126-141.
Ермолаева А.С., Дубягина Е.В., Калиева Ж.С. Сопла как показатель использования
наземных теплотехнических сооружений на поселении Талдысай // Вестник КазНПУ.
Сер. ист. и соц.-полит. науки. 2017. Вып. 3 (54). С. 135-176.
Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Характеристика раскопанных объектов нижнего
слоя поселения Талдысай. 1. Жилищно-производственные комплексы (1994–1996, 1998,
2001–2013) // Артюхова О.А., Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Комплекс
памятников в урочище Талдысай. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана,
2013. Т. 1. С. 135-171.
Ермолаева А.С., Ержанова А.Е., Дубягина Е.В. Теплотехнические сооружения
наземного типа на поселении Талдысай // Научно-технический прогресс: актуальные
и перспективные направления будущего: сб. матер. VI Междунар. науч.-практ. конф.
. Кемерово, 18 августа 2017 г.). Кемерово: Зап.-Сиб. науч. центр, 2017. Т. 1. С. 22-38.
Ермолаева А.С., Кузьминых С.В., Пак Джан Сик, Дубягина Е.В. Предметы
вооружения позднего бронзового века из мастерских литейщиков поселения Талдысай
в Центральном Казахстане // Stratum plus. 2019. № 2. С. 109-120.
168 Т. 1
МАРҒҰЛАН ОҚУЛАРЫ – 2020
Клейн Л.С. Археологическая типология. Ленинград: ЛФ ЦЭНДИСИ АН СССР,
ЛНИАО, 1991. 448 c.
Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Талдысай – поселение древних
металлургов. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2012. 130 с.
Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Калиева Ж.С. Археологические исследования
на поселении Талдысай // Историко-культурное наследие Сарыарки: сб. науч. ст.
Караганда: КарГУ им. Е.А. Букетова, 2007. С. 93-105.
Панковский В.Б., Гиря Е.Ю., Саблин М.В. Трасологические критерии отличия
предметов первобытного искусства и остатков фауны с естественными видоизменениями
// Stratum plus. 2015. № 1. С. 169-184.
Панковский В.Б., Фидельский С.А. Систематизация костно-роговой индустрии
раннего железного века Поднестровья (на основе коллекции поселения Чобручи) //
Древности. Исследования. Проблемы. Сб. ст. в честь 70-летия Н.П. Тельнова / ред.
В.С. Синика, Р.А. Рабинович. Кишинеу: Stratum Publishing House, 2018. С. 147-163.
Умиткалиев У.У., Тлеугабулов Д.Т. Асыки и их роль в мировоззрении кочевников
// Народы и религии Евразии. 2017. Вып. 1–2 (10–11). С. 37-44.
Усачук А.Н. Древнейшие псалии (изготовление и использование). Киев; Донецк:
ИА НАНУ, 2013. 304 с.
Donnegan J. A New Greek and English Lexicon. London: J.F. Dove, 1826. 1148 p.
Ermolaeva A., Kurmankulov J., Erjanova A., Rusanov I. Die Siedlung Taldysaj
Ein Denkmal der technischen Kultur der alten Stämme der Region Žezkazgan-Ulytay
(Zentralkazakhstan) // Unbekanntes Kazachstan. Archäologie im Herzen Asiens / Hrsgb.
T. Stöllner, Z. Samašev. Bochum: Deutsche Bergbau-Museum, 2013. S. 441-454.
Pankowski V. A Systematic Outline for the Osseous Industries in the North Pontic
Palaeometallic Age // Journal of Historical Archaeology & Anthropological Sciences. 2017.
No. 1/4. P. 146-152.
ResearchGate has not been able to resolve any citations for this publication.
Article
Full-text available
The paper surveys current trends in systematizing bone and antler industries dated back to the 5th-1st millennia BC in the North Pontic area. The principles in question, however, seem to be adaptable to any of the many bone and antler contents of the Earth’s archaeosphere. The reader is introduced to the classificatory concept of the author’s own work which has never been explicated in full elsewhere. Usually, the North Pontic archaeologists definitely wish their archaeological record to be imposed into given classification completely. Yet the latter normally contains impermeable inherent limits set up by the analysts themselves, who basically face a scarcity of comprehensive expert data. Here, a solution to the problem is put forward based on systemic classificatory approach. This one refers to the osseous raw material structures and the ways these latter were bound to transform during manufacture. The author’s techno classes concept of adapting, modifying and converting bone and antler during utilization goes back, in particular, to A.P. Borodovskiy’s technological systematics. The traceology, in its turn, tends to embed almost anything identifiable into a system, since various means of functional analysis would be a bit of a help as verifying methods. At the same time, the artifact’s technical function and the manner it was used are the issues of special research concern. Further, the ways in which past equipments (instruments, implements and accessories) might have affected other objects and substances or interacted with them, resulted in rational shapes and use-wear patterns in artifacts of bone and antler. On that basis, tools, devices, joints, furniture and paraphernalia entities seem to be quite perceptive to the variability of the North Pontic worked osseous record. This kind of arrangement of the material, would it be derived from a site or an archaeological culture, may have been flexibly changed in terms of its units, whereas its principal sections are here to stay with no need them to be rearranged. Keywords: North Pontic Area; The Chalcolithic; The Bronze Age; The Iron Age; Bone and Antler Industry; Classification; Traceology
Археозоологические коллекции из поселений эпохи поздней бронзы на территории Тульской области // Гак Е.И. Поселения эпохи бронзы на северной окраине донской лесостепи
  • Е Е Антипина
Антипина Е.Е. Археозоологические коллекции из поселений эпохи поздней бронзы на территории Тульской области // Гак Е.И. Поселения эпохи бронзы на северной окраине донской лесостепи. М.: ГИМ, 2011. С. 166-201.
Желобчатые псалии эпохи поздней бронзы евразийских степей // Кони, колесницы и колесничие степей Евразии / гл.ред. П.Ф. Кузнецов. Екатеринбург; Самара; Донецк: «Рифей»
  • В С Бочкарёв
  • П Ф Кузнецов
Бочкарёв В.С., Кузнецов П.Ф. Желобчатые псалии эпохи поздней бронзы евразийских степей // Кони, колесницы и колесничие степей Евразии / гл.ред. П.Ф. Кузнецов. Екатеринбург; Самара; Донецк: «Рифей», 2010. С. 292-343.
Петровско-нуртайские жилища-мастерские на поселении
  • А Ермолаева
Ермолаева А.С. Петровско-нуртайские жилища-мастерские на поселении
Сопла как показатель использования наземных теплотехнических сооружений на поселении Талдысай // Вестник КазНПУ. Сер. ист. и соц.-полит. науки
  • А С Ермолаева
  • Е В Дубягина
  • Ж С Калиева
Ермолаева А.С., Дубягина Е.В., Калиева Ж.С. Сопла как показатель использования наземных теплотехнических сооружений на поселении Талдысай // Вестник КазНПУ. Сер. ист. и соц.-полит. науки. 2017. Вып. 3 (54). С. 135-176.
Теплотехнические сооружения наземного типа на поселении Талдысай // Научно-технический прогресс: актуальные и перспективные направления будущего: сб. матер. VI Междунар. науч.-практ. конф. (г. Кемерово
  • А С Ермолаева
  • А Е Ержанова
  • Е В Дубягина
Ермолаева А.С., Ержанова А.Е., Дубягина Е.В. Теплотехнические сооружения наземного типа на поселении Талдысай // Научно-технический прогресс: актуальные и перспективные направления будущего: сб. матер. VI Междунар. науч.-практ. конф. (г. Кемерово, 18 августа 2017 г.). Кемерово: Зап.-Сиб. науч. центр, 2017. Т. 1. С. 22-38. Ермолаева А.С., Кузьминых С.В., Пак Джан Сик, Дубягина Е.В. Предметы вооружения позднего бронзового века из мастерских литейщиков поселения Талдысай в Центральном Казахстане // Stratum plus. 2019. № 2. С. 109-120.
Ленинград: ЛФ ЦЭНДИСИ АН СССР, ЛНИАО
  • Л С Клейн
  • Археологическая
Клейн Л.С. Археологическая типология. Ленинград: ЛФ ЦЭНДИСИ АН СССР, ЛНИАО, 1991. 448 c.
Талдысай -поселение древних металлургов
  • Ж Курманкулов
  • А С Ермолаева
  • А Е Ержанова
Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Ержанова А.Е. Талдысай -поселение древних металлургов. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2012. 130 с. Курманкулов Ж., Ермолаева А.С., Калиева Ж.С. Археологические исследования на поселении Талдысай // Историко-культурное наследие Сарыарки: сб. науч. ст. Караганда: КарГУ им. Е.А. Букетова, 2007. С. 93-105.
Систематизация костно-роговой индустрии раннего железного века Поднестровья
  • В Б Панковский
  • С А Фидельский
Панковский В.Б., Фидельский С.А. Систематизация костно-роговой индустрии раннего железного века Поднестровья (на основе коллекции поселения Чобручи) //